USD
USD
USD

ШҚО тасжолында екі көлік соқтығысып, 3 адам қаза болды

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда жол апатынан 3 адам көз жұмып, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды Kazinform.

ШҚО тасжолында екі көлік соқтығысып, 3 адам қаза болды
Фото: NEGE.kz

Өскемен, NEGE. Жол-көлік оқиғасы 4 қараша күні сағат 11.20 шамасында «Өскемен-Рахман қайнары» тасжолының 110-шақырымында болған.

«Тойота Камри» және «Митсубиси» маркалы автокөліктер соқтығысты.

Салдарынан үш жолаушы сол жерде мерт болды.

 Тағы үш адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуының абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғуы) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - дейді Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар