USD
USD
USD

ШҚО полицейі айыпталушылардан тәркіленген 13 млн теңгені жұмсап жіберген

Шығыс Қазақстан облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері айыпталушылардан тәркіленген көлікті иемденгені және 13 млн теңгені өз қажетіне жұмсағаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полицейі айыпталушылардан тәркіленген 13 млн теңгені жұмсап жіберген
Фото: NEGE.kz

Өскемен, NEGE. Өскемен қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ШҚО Экономикалық тергеу департаментінің ерекше маңызды істер бойынша тергеушісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Белгілі болғандай, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, 2022 жылы айыпталушылардан тәркіленген «Skoda» маркалы автокөлікті иемденіп, 13 миллион теңгеден астам ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Сот барысында сотталушы өз кінәсін мойындады. Жазаны ауырлататын өзге мән-жайлар анықталған жоқ.

«Сот шешімімен тергеуші кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ айыпталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылып, «Экономикалық тергеу қызметінің капитаны» арнайы атағынан босатылды», - делінген ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе