USD
USD
USD

ШҚО: Найзағайдан шыққан өрт 3,5 гектарға жайылды

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында өртті 74 адам мен 11 техника сөндіруде. 

ШҚО: Найзағайдан шыққан өрт 3,5 гектарға жайылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 қыркүйек күні Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы орманда өрт шыққан.

Шөпті шарпыған қызыл жалынның жалпы ауданы қазіргі уақытта 3 жарым гектарға жетіп отыр.

«Оқиға орнында тілсіз жаумен өрт сөндірушілер және орманшылар күресуде. Сол жерге жалпы саны 74 адам мен 11 техника жұмылдырылған. Әзірге оттың беті қайтар емес», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт найзағайдан шыққан.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков