USD
USD
USD

ШҚО: Бір күнде 40 өрт сөндірілді

Шығыс Қазақстан облысында соңғы тәулікте 40-тан астам өрт шықты. Оның ішінде 34 рет дала өрті сөндірілді. 

ШҚО: Бір күнде 40 өрт сөндірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бес жағдайда жалынның шығу себебі – халықтың отты абайсыз қолдануынан болған.

«Күршім ауданының орталығындағы Абылайхан көшесінде жер үйдің ауласындағы шаруашылық қора-жай өртенді. Тілсіз жау шарпыған жалпы аудан 50 шаршы метрді құраған. Семей қаласындағы Баздырев көшесінде үйдің шатыры, терезе мен есік блогы отқа оранды. Құтқарушылар 40 шаршы метр алаңдағы өртті өшірді», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, Көкпекті ауданында жеке тұрғын үйдің ауласындағы қора мен гараж өртенген. Қызыл жалын гараж ішінде тұрған 1976 жылғы «ВАЗ2101» автокөлігін шарпыды. Көк түтіннен 11 бас қой, 9 қозы өлген. Өрттің шығу себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау.

 

Бір күн ішінде облыс аумағында 34 рет шөп жанды. Сол жерлерге шұғыл келіп жеткен департамент қызметкерлері тілсіз жауды сөндірген.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум