USD
USD
USD

ШҚО: Автобус жүргізушілері бірнеше күнде 486 рет жол ережесін бұзған

Шығыс Қазақстан облысында автобус жүргізушілері үш күнде 486 рет жол ережесін бұзған. 

ШҚО: Автобус жүргізушілері бірнеше күнде 486 рет жол ережесін бұзған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өңір аумағында тәртіп сақшылары «Автобус» жедел алдын алу шарасын жүргізуде. Мұндағы мақсат – қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол ережелерін сақтауын, жолаушылардың тиісті талаптарға сәйкес тасымалдануын тексеру.

«Шараның үш күнінде 486 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде автобустан шығатын газды нормадан асыру – 41, рульде отырып телефонмен сқйлесу – 81, маневр жасау қағидаларын бұзу – 105. Соның нәтижесінде 21 қоғамдық көліктің қатынауына тыйым салынды», - деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Сондай-ақ техникалық ақауы бар көлікті желіге шығарғаны үшін автобус парктерінің 3 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон