USD
USD
USD

ШҚО: Алимент төлемеген 300 адам анықталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері балаларына алимент төлемеген 300-ден астам адам анықталды. 

ШҚО: Алимент төлемеген 300 адам анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай аудандық ПБ көші-қон қызметі бөлімшесіне жеке сот орындаушысының ұйғарымы келіп түсті. Онда жазылғандай, 43 жастағы әйел кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұратын үш баласына бір жылдан астам уақыт бойы алимент төлеуден жалтарып келген. Берешектің жалпы сомасы 500 000 теңгеге жетті.

«Іздестіру шараларын жүргізген көші-қон қызметінің мамандары 5 күн ішінде азаматшаның тұрғылықты мекенжайын анықтаған. Енді одан ақшаны өндіріп алумен сот орындаушылары айналысатын болады», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе