USD
USD
USD

ШҚО әкімдігі Конституцияға қарсы не ұйымдастырып жатыр?

Мемлекеттік сатып алу порталында ШҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы атауы біртүрлі лот жариялады. Ол «Қоғамда антиконституциялық ойлауды (!) қалыптастыру жөнінде іс-шаралар өткізу» деп аталады.

ШҚО әкімдігі Конституцияға қарсы не ұйымдастырып жатыр?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Антиконституциялық ойлауды қалыптастыру» үшін ШҚО әкімдігі 15 млн теңге бөлмек. Сатып алу әлі іске аспаған. Қатысқысы келгендер лоттың атауын көріп, әрі-сәрі күйде қалған сияқты.

Фото: goszakup.gov.kz

Бұл терімші жіберген қателік пе, әлде лот шынымен де солай атала ма?

Желі қолданушылардың біразы «антиконституциялық» емес, «антикоррупциялық» болуы мүмкін екенін топшылап, «тақырыпты ойнатып қою сарыжағал сайттарға ғана тән емес, оның мемлекеттік сатып алуға да жеткенін» айтып қағытуда.

Ал ШҚО әкімдігі лоттың атауын әлі ауыстырған жоқ...

Қазір оқып жатыр

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы