Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ШҚО: 77 ауыл әкімі сайланады

Шығыс Қазақстан облысында 25 шілдеде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы өтеді.

ШҚО: 77 ауыл әкімі сайланады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстандағы қалалық және аудандық сайлау комиссиялары 25 шілде күні өтетін ауыл әкімдерінің сайлауына дайындық жүргізуде. Биыл өңірдегі 16 ауданда 77 ауыл әкімі сайланбақ.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Набиевтың айтуынша, тікелей сайлау өткізу Қазақстандағы сайлау жүйесінің дамуындағы маңызды қадам. Бұл аймақтық сайлау науқанын ұйымдастырудағы жаңа тәжірибе жинақтаудың бірден-бір мүмкіндігі.

«Бұрын ауылдық округ әкімдерін жергілікті мәслихат депутаттары сайлайтын еді. Енді нақты әкімшілік аумақтың халқы әкімдерді тікелей сайлай алады. Мұндай өзгерістің арқасында әкім өзі тұратын елді мекен жұртшылығының сенімі мен қолдауына ие болу үшін нәтижелі еңбек етуге талпынатын болады», – деді Ерсайын Набиев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев