USD
USD
USD

ШҚО: 4200 тоннадан астам пішен жанып кетті

Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері бір күнде 4 жалынды сөндірді.

ШҚО: 4200 тоннадан астам пішен жанып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданында жеке тұрғын үй ауласында шаруашылық қора-жай мен 5 тонна шөп өртенген. Жалын шарпыған аумақ – 100 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі – отты абайсыз қолданудан болуы мүмкін. «Алтай ауданында жекеменшік гаражда өрт болды. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығу себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Сондай-ақ Жамбыл көшесіндегі жер үй ауласында 10 тонна шөп жанған. Өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, Жарма ауданындағы «Омбы-Майқапшағай» тасжолының бойында орналасқан шаруа қожалығында 125 тонна пішен өртенді. Жалпы өңір бойынша жыл басынан бері 4200 тоннадан астам пішен жанып кеткен.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе