USD
USD
USD

ШҚО: 1200-ден астам жігіт әскерге шақырылады

  Шығыс Қазақстан облысында биылғы көктемгі әскерге шақыру науқанында 1200-ден астам жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге шақыртылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО: 1200-ден астам жігіт әскерге шақырылады
Фото: NEGE.kz

Адматы, NEGE. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта өңірде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүргізілуде. Биылғы науқанда 1200-ден астам жігіт әскерге шақыртылады. Өскеменде әскерге шақырылғандармен салтанатты қоштасу рәсімі өтті. 50 сарбаз Жамбыл облысына жіберілді. Олар №91678 әскери бөлімінде борыштарын өтейді. «Аман-есен елге оралуларыңа тілектеспін. Біздің және ата-аналарыңның артқан үмітін ақтайтындарыңа сенемін», – деді құттықтау сөзінде облыс әкімінің орынбасары Нұржан Жұмаділов.  ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға еліміздің Қарулы Күштерінің ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, әскерге шақырылғандардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысты. Қазіргі уақытта шекара қызметіне шақыру аяқталып, Қорғаныс министрлігінің Қарулы Күштеріне баратындар жасақталып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы