Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ШҚО тұрғынынан тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленді

Полиция ШҚО тұрғынынан тыйым салынған діни әдебиеттерді тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Полицейлер Өскемен қаласының тұрғынын тексеру барысында экстремистік деп танылған, сәйкесінше Қазақстанда тыйым салынған діни әдебиеттерді тасымалдау фактісін анықтады.

Азамат аталған бұзушылық үшін жауапқа тартылды. Өскемен қаласының мамандандырылған сотының шешімімен оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды. ШҚО ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға тек ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы айқындаған стационарлық үй-жайларда ғана жол берілетінін еске салады.

Экстремистік деп танылған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдардың тізімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтында танысуға болатынын еске саламыз.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.