USD
USD
USD

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Глубокое ауданындағы Қарақожа ауылы маңындағы өзен суының қанық қызғылт сары түске енуіне алаңдаушылық білдіруде.

өзен
Фото: Видеодан кадр:instagram.com/marina.shirokih

Астана, NEGE. Марина Широких есімді тұрғын желіде өзен жағасынан түсірілген видеолар жариялап, мұндай жағдай бұрын-соңды болмағанын, өзен суының мұндай түске енгенін бірінші рет байқап отырғанын жазды. Оның айтуынша, өзеннің жоғарғы ағысында, Снегирихин кенішіне жақын маңда судың түсі қанық қызғылт сары болған.

«Ал Қарақожа көпірінің маңында су әдеттегі сүттей ақшыл-жасыл реңкте еді. Кешке қарай қызғылт сары ағыс төмен түсіп, Қарақожамен қосылатын жердегі көпірден изумруд түсті өзен мен апельсин түстес судың әдемі тоғысқанын көруге болды. Түнге қарай бұл ағыс Үбі өзеніне де жететін шығар. Көрінісі, әрине, таңғаларлық. Бірақ бұл не болғаны?», – дейді Марина Широких.

Экология департаментіне өзен түсінің өзгеруіне қатысты ешқандай арыз-шағым түспеген. Алайда, ведомство өкілдері өзен суынан сынама алынып, қазіргі уақытта зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Куәгерлер су түсінің өзгеруіне бірнеше жыл бұрын жабылған Юбилейно-Снегирихин кенішінен шыққан шахта сулары немесе жаңбырдан кейін өзенге түскен тау жыныстары мен сазды массалар әсер етуі мүмкін деп болжап отыр.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған