Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

Зайсан қаласының 21 жастағы тұрғыны полицияға танысы жүргізуші куәлігін алып беруге көмектесемін деп, 6 миллион теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткенін айтып, шағымдаған.

алаяқтық
Фото: ШҚО полиция департаменті

Астана, NEGE. ШҚО полиция қызметінің мәліметінше, биыл ақпан айында ол Алматы облысындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет өткерген танысымен қайта араласа бастаған. Әңгіме барысында ер адам өзін Алматы қаласындағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері ретінде таныстырып, жүргізуші куәлігін алуға көмектесе алатынын жеткізген.

Оның сөзіне сеніп қалған жігіт алдымен келісілген соманы аударған. Кейін танысы әртүрлі себептер айтып, бірнеше рет қосымша ақша сұраған. 

Соңында жәбірленуші жалпы сомасы 6,6 млн теңгеден асатын қаржысынан айырылған. Ақшаның бір бөлігі белгісіз тұлғалардың есепшоттарына аударылған.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат