Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ШҚО-да жеті баласына алимент төлемеген әйел жауапқа тартылды

ШҚО-да жеті баласына алимент төлемеген әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ішкі істер министрлігі
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 2025 жылғы 10 сәуірде заңды күшіне енген Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес, әйел  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы – “Балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау” бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оған бір жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Жиналған берешек сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады. Бұл қаражат жеті кәмелетке толмаған баланы асырауға арналған болатын. Ұзақ уақыт бойы олардың құқықтары мен мүдделері бұзылып келген.

– Осы жылдың басынан бері ШҚО полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері алимент төлеуден қасақана жалтару фактілері бойынша сотқа тоғыз қылмыстық іс жолдады. Оның сегізі бойынша айыптау үкімдері шығарылды, – деді ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы Арман Үмітов.

Құқық қорғау органдары бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастырады: әрбір бала құқығының бұзылу фактісі заң аясында тиісті бағасын алады.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат