USD
USD
USD

ШҚО-да заңсыз діни материалдар таратқан азамат жауапқа тартылды

ШҚО-да заңсыз діни материалдар таратқан азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

заңсыз діни материалдар таратқан
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері әйел адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Катонқарағай ауданының 35 жастағы тұрғынын анықтады, ол танымал мессенджердің көмегімен басқа пайдаланушыларға сот шешімімен тыйым салынған бейнероликтерді жіберген.

Аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті азаматтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми интернет-ресурстарынан алынған әдебиеттер мен материалдарды басшылыққа алу қажеттігін еске салады.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі