USD
USD
USD

ШҚО-да үй тонап, 28 млн теңге шығын келтірген ұрылар ұсталды

ШҚО-да тұрғынға 28 млн теңге шығын келтірген ұрылар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қолма-қол ақша мен зергерлік бұйымдардың ұрланғаны туралы хабармен жергілікті тұрғын полицияға жүгінген. Келтірілген шығын сомасы 28 миллион теңге.

Жедел іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары күдіктілерді ізін суытпай ұстады.

Анықталғандай, күдіктілердің бірі бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған екен. Тінту кезінде полицейлер ұрланған зергерлік бұйымдарды тауып, оған қоса 1 келіге жуық гашиш тәркілеген. Күдіктілер жәбірленушінің өмірін бақылап, аңдып жүріп ұрлыққа мұқият дайындалған. Жәбірленушінің үйден кеткенін күткен күдіктілер қоршаудан секіріп өтіп, пластик терезені басып ашып, үйге кірген. Сейфтен олар ақша мен зергерлік бұйымдарды алып кеткен.

Күдіктілерге қатысты ұрлық және есірткіні заңсыз сақтау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Қанат Бозымбаев

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.