USD
USD
USD

ШҚО-да тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауыты салынады

Шығыс Қазақстан облысында Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы шеңберінде бірқатар іс-шаралар іске асырылуда.

Қоқыс
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Негізгі бағыттар Өскемен қаласының ауасын жақсартуға қатысты, өйткені қалада бірқатар зауыттар орналасқан.

«Бізде қала бойынша «Қазгидрометтің» 10 бекеті орнатылған, мұның бәрі автоматты форматта бақыланады. Тұрғындардың бұл ақпаратты интернет арқылы көруге мүмкіндігі бар. Келесі жылы ауаны абызлап, өлшеп отыру үшін қосымша датчиктер орнату жоспарлануда. Сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда экология министрлігіне 7 жоба жолданды. Жобалардың бірі экология министрлігі арқылы, оның ішінде өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы келісудің бастапқы кезеңінен өтті. Зауытты жаңа технологиялар бойынша салу жоспарлануда. ЖЭК-ке көшу аясында облыста 8 энергия өндіруші ұйым жұмыс істейді», – деп атап өтті ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов.

Қазір оқып жатыр

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

.

Екі алтын, екі қола: Қазақстан Азия ойындарын сәтті бастады

.

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.