Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ШҚО-да туризм саласына 500 миллион теңге заңсыз бөлінген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакеновтің айтуынша, аймақта туризм саласын субсидиялау саласына сыртқы талдау аяқталды.

А
Фото: istockphoto.com

Алматы, NEGE. «Тексеріс барысында 2022 жылдың қаңтарына дейін пайдалануға берілген нысандар бойынша шығындарды негізсіз өтеу фактілері анықталды. Кәсіпкерлер бірнеше жыл бұрын салынып қойған туристік нысандарға субсидия алған. Мұндай төлемдердің дұрыстығы үлкен күмән тудырады», – дейді Денис Шакенов.

Субсидия алу үшін ұсынылған деректердің дұрыстығын тексеру тәртібінде де олқылықтар анықталған.

Соның салдарынан бюджет қаражатын негізсіз жұмсау тәуекелдері туындап, мемлекеттік қолдаудың тиімділігі төмендеген.

Құқық бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау үшін материалдар уәкілетті органдарға жолданды.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да 21 адамды алдап, 101 млн теңге пайда көрген алаяқ сотталған.

Қазір оқып жатыр

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG