USD
USD
USD

ШҚО-да судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 3 адам әкімшілік жазаға тартылды

Шығыс Қазақстан облысында су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жедел профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Өзен
Фото: Ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Облыс аумағында демалысқа арналған 25 ресми орын, шомылуға тыйым салынған 74 қауіпті аумақ және шағын көлемді кемелерде жүзуге рұқсат етілмеген 29 орын анықталған.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары полиция және еріктілермен бірлесіп, судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және бақылау мақсатында 458 рейд өткізген. Нәтижесінде, судағы қауіпсіздік талаптарын елемеген 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдке қатысушылардың айтуынша, олардың басты мақсаты — тұрғындардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету және қайғылы оқиғалардың алдын алу.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі