USD
USD
USD

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Шығыс Қазақстан облысында ақпанда ұсталған мәслихат депутаты Дмитрий Сомовқа қатысы бар «Востоквзрывпром» ЖШС республикалық тасжолды жөндеу кезінде жіберілген ақауларды жоюға міндеттелді.

Жол жөндеу
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Алматы – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы автожолының 30-дан астам учаскесінде жол төсемінің бұзылғанын анықтады. Сот шешімімен мердігер компания ақауларды жоюға міндеттеді, деп жазады inbusiness.kz.

Жобаның құны 1,4 миллиард теңгеден, ал ақаулардың жалпы ауданы 45 мың шаршы метрден асады. Жол республикалық желіге жатады және Жетісу облысының Кербұлақ ауданы аумағынан өтеді.

Компанияға қатысты шығарылған сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ пайдасына 26,9 миллион теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

ҰҚК мәліметінше, облыстық мәслихат депутаты Дмитрий Сомов «пара берді» деген күдікке ілінген. Сомов пен оның жұбайы – жоғарыда аталған «Востоквзрывпром» компаниясының құрылтайшылары. Компания жол құрылысы саласында жұмыс істейді әрі ірі тендерлерді жиі ұтып алады.

Қазір оқып жатыр

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

.

Екі алтын, екі қола: Қазақстан Азия ойындарын сәтті бастады

.

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.