Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ШҚО-да оқушылар қашықтан оқу форматына ауыстырылды

ШҚО-да 150-ден астам сынып қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бұған маусымдық вирус ауруларының күшеюі себеп болған, – деп жазады Устинка LIVE басылымы. 

ШҚО
Фото: ucvt.org

Астана, NEGE. Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының мәліметінше, өңірдегі 23 жалпы білім беретін мектептің 169 сыныбындағы 3 015 оқушы уақытша қашықтан оқу форматына ауыстырылды.

Үйден оқып жатқан оқушылардың ішінде бастауыш сыныптың 1 697 оқушысы бар.

Қашықтан оқуға Өскемендегі 18 мектеп, Күршім ауданындағы үш мектеп, Ұлан ауданындағы екі мектеп көшкен.  

Айта кетейік, онлайн форматқа уақытша көшу үшін оқушылардың 30%-дан астамы медициналық анықтамалармен тіркелуі қажет.  

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.