USD
USD
USD

ШҚО-да мемлекеттік мекеме есепшісі 10 млн теңгені өз есепшотына аударған

ШҚО-да прокурорлар «Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады.

Ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Қадағалаушы орган ақпаратынша, есепші бір жыл бойы өз банктік есепшотына 10 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты заңсыз аударған. Есепші қаржылық операцияларды екі бюджеттік спецификация бойынша жүргізген.

Бұл факт бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2) тармақшалары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл бапта сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену немесе талан-таражға салғаны үшін қолданылатын жаза қарастырылған.

«Алтай аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлға жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетерлігі, жас баласының болуына байланысты айыпталушыға тағайындалған жазаны орындау кейінге қалдырылды. Жымқырылған бюджет қаражаты мемлекет кірісіне қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Жапонияда Азия Пара ойындары басталды: Қазақстаннан 150 спортшы қатысады

.

Жетісу облысында шағын автобус КамАЗ-ға соғылып, екі адам қаза тапты

kris_p_kaz/Instagram/ ЖИ арқылы өңделген

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп