USD
USD
USD

ШҚО-да «Мәңгілік алауға» тауық қақтап жеген вандалдар іздестіріліп жатыр

Риддерде белгісіз біреулер «Мәңгілік алауға» тауық қақтап жеген. Telegram-дағы Halyqstan арнасының жазуынша, алау маңындағы тағам қалдықтарын жергілікті тұрғын байқап қалған. Бұл жайт тұрғындардың ашуын туғызған.

Halyqstan
Фото: Halyqstan

Астана, NEGE. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті өкілдері Nege.kz-ке берген ресми жауабында қасиетті нысанды қорлау фактісі бойынша іс тіркелгенін хабарлады.
Қазір полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды тексеріп, бейнебақылау жазбаларын зерделеп, куәгерлерді анықтап жатыр.

«Құқық бұзушыларды анықтауға және оларды жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел іздестіру және іс жүргізу кешенді шаралары жүргізілуде», — делінген полиция хабарламасында.

Тарих және мәдениет ескерткіштерін, ғимараттар мен құрылыстарды қорлағаны үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік көзделген.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы