USD
USD
USD

ШҚО-да көршісімен араздасқан тұрғын өзгенің қорасын өртеп жіберген

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны өз үйінің ауласындағы шаруашылық қораның өртке оранғаны туралы хабарлаған.

Өртеу
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің (Өзгенің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында 27 жастағы ер адамның көршісімен арадағы араздықтың кесірінен осындай қадамға барғаны анықталды.

Кек алмақ ниетпен ол бензин толтырылған пластикалық бөтелке алып, қарсыласының шаруашылық құрылысын өртемек болған. Алайда күдікті мекенжайды шатастырып, өртті көршісінің емес, басқа біреудің қорасына қойған. Өрт салдарынан 7 миллион теңгеден астам материалдық шығын келген. Тілсіз жаудың салдарынан 10-нан астам үй жануары қырылып, 20 тонна шөп, 5 тонна мал азығы және шаруашылыққа арналған техника толығымен жанып кеткен. 

Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты зерттеуге қажетті барлық шараларды атқаруда.

Тергеу нәтижелері бойынша заң аясында процессуалдық шешім қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама