USD
USD
USD

ШҚО-да есірткі сақтаған ер адам ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында ер адамнан 8 келіден астам марихуана мен гашиш тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. "Қарасора" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Абай облысындағы әріптестерімен және кинологиялық қызмет орталығымен бірлесіп көршілес облыстың 40 жастағы тұрғынын ұстаған.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайы, сондай-ақ іргелес аумағы мен шаруашылық құрылыс нысанында жүргізілген тінту барысында жалпы салмағы 8 келіден асатын кептірілген марихуана, гашиш және құрамында каннабистің психоактивті компоненті бар есірткі заттары тәркіленген. Бұл шамамен 1600 бір реттік дозаға тең екені анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабына жаңа басшы тағайындалды

Атқұрман Омарбеков

Колонияларда мобильді сигнал қуатын шамадан тыс асырған үш операторға айыппұл салынды

Айыппұл

Елена Рыбакина жарақатына байланысты Ухань турнирінен шет қалды

Елена Рыбакина

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан