USD
USD
USD

ШҚО-да екі балықшы мұз астына түсіп кетті

Шығыс Қазақстан облысында мұз астына құлаған екі балықшы құтқарылды.

Балықшылар
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлан ауданындағы Сібе көлінде мұз астына түскен екі балықшыны жақын маңда жүрген адамдар құтқарып қалған.

Балықшының бірі мұз үстінде жүріп келе жатып, кенет астына түсіп кетті. Өскемен қаласының тұрғыны Александр Алексеев мұны байқап, абдырап қалмай, сол адамға тросс лақтырған. Соның көмегімен ол балықшыны шығарып алды, - делінген ақпаратта.

Александр және оның қасындағы басқа да азаматтар көлден үйге кетуге жиналып жатқанда мұз астына құлаған тағы бір адамды көрді.

Ер адамға еңбектеп мұзға шық деп айқайладым. Содан кейін көмек көрсеткен басқа адамдармен бірге оған арқан мен шананы лақтырдық. Әйтеуір азамат қорқынышын жеңіп, судан шығып, шанаға жете алды. Басқа куәгерлермен бірге оны қауіпсіз аймаққа шығардық, - дейді Александр Алексеев.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.