USD
USD
USD

ШҚО-да досынан ірі мөлшерде қарызға ақша алып, қайтармаған тұрғын ұсталды

Өскемен қаласында көші-қон қызметінің қызметкерлері 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақша
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE: Ер адам танысынан пәтер жөндеуге деп 7,5 миллион теңге қарызға алып, кейіннен байланысқа шықпай, «ізін суытқан». Жәбірленуші бұл туралы құқық қорғау органдарына арызданған.

Күдіктіні іздеуге көші-қон қызметінің мамандары кірісті. Бір тәулік ішінде оның қайда екені анықталып, ұсталып, әрі қарай тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта іс сот орындаушыларына беріліп, қарызды өндіру шаралары қолға алынды.

Полиция азаматтарға кез келген қаржылық келісім-шарттарды, тіпті жақын адамдармен де заң аясында ресімдеудің маңыздылығын еске салып, мұндай жағдайларды назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар