USD
USD
USD

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушысы әйелді өлтірді деген күдікке ілінді. Әлеуметтік желіде марқұмның мұғалім болғаны және қылмыстың «Синий кит» интернет-ойынына қатысы болуы мүмкін екені айтылған ақпарат тарады.

Кісен
Фото: shutterstock.com

Астана, NEGE. Облыстық полиция қызметі бұл факт бойынша Зайсан ауданында Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігінде (Адам өлтіру) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікке ілінген жасөспірім соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, істің толық, жан-жақты және объективті болуын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицейлер өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін алға тартты.

Бұл ретте полиция өкілдері қаза тапқан мұғалімнің өліміне «Синий кит» интернет-ойынының қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты