USD
USD
USD

ШҚО-да «Altaі Invest-2025» халықаралық форумы басталды

Өскеменде «Altaі Invest-2025» халықаралық инвестициялық форумы басталды. Оған әлемнің бірнеше елінен инвесторлар, дипломаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып жатыр.

Altaі Invest-2025
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Форумды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өз сөзімен ашты.

«Шығыс Қазақстанға қош келдіңіздер! Сіздерді көріп, форум аясында қарсы алу – біз үшін зор мәртебе. Соңғы жылдары елімізде талай өзгеріс болып, бүгінде ірі жобаларды қолға алуға жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Осы форум өңірдің ашық диалогқа, ынтымақтастыққа және жаңа инвестицияларға дайын екенінің айқын көрінісі. Сіздермен тек облыстың емес, мұқым республиканың экономикасын дамытып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жобаларды талқылауға әзірміз. Өндірісі қарқынды, мәдени мұрасы бай, тамылжыған табиғаты бар Шығыс Қазақстанның Қытай және Ресеймен шекаралас орналасуы да ел картасындағы айрықша орнын паш етеді», - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Соңғы бес жылда Шығыс Қазақстанға 3 трлн теңге шамасында инвестиция құйылды. Ал осы жылы 1 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Қазір өңір аумағында жалпы құны 100 млрд теңгеден асатын 11 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Бұл жобалар жүздеген жұмыс орындарын ашуға және облыс экономикасын нығайтуға септігін тигізеді.

Айта кетейік, «Altaі Invest-2025» форумында Шығыс Қазақстан мен шетелдік инвесторлар арасында маңызды келісімдерге қол қойылып, түрлі жобалар қолға алынады деп күтіліп отыр.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

Мәжіліс

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді

Депутат

Мәжіліс Астананың мәртебесі туралы заң жобасын жұмысқа алды

Жарықсыз қалды

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

.