USD
USD
USD

ШҚО-да 5 млн теңгенің малын ұрлаған күдікті ұсталды

ШҚО-да 5 млн теңгенің малын қолды қылған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұстау
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысында ірі көлемде жасалған мал ұрлығы бойынша 50 жастағы бақташы ұсталды.

Полицияның мәліметінше, ол өзі жұмыс істеген жергілікті фермердің 17 бас жылқысын ұрлаған. Оларды басқа қораға айдап апарып, өз мақсатында пайдаланған.

Алдын ала жиналған мәліметтер бойынша, күдікті жылқыларды 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейін сатып, түскен қаражатты өз пайдасына жұмсаған. Күдіктінің іс-әрекетінен келтірілген жалпы шығын мөлшері 5 миллион теңгеден асқан.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ұрланған малдың бір бөлігін тауып, иесіне қайтарған. Тергеу шаралары жалғасуда. Қалған малдарды табу бойынша іздеу жұмыстары жүргізілуде. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты