USD
USD
USD

ШҚО-да 2,5 млн теңгенің ірі қарасын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

ШҚО-да құны 2,5 млн теңге болатын 6 ірі қараны ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысында полицейлер шамамен 2 млн 500 мың теңге көлемінде ірі қара мал ұрлады деген күдікке ілінген қылмыстық топтың жолын кесті.

Тергеу барысында, үш шығысқазақстандық азамат облыс аудандарының бір тұрғынының еркін жайылымынан алты ірі қара малды ұрлап, алдын ала дайындалған қораға айдап әкеткені анықталған. Жедел уәкілдер қылмыс жасалған түні күдіктілерді Омбы – Майқапшағай тасжолында тасымалдауға әрекеттеніп жатқан кезде ұстаған.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасаған азаматтар қамауға алынып, олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полицейлер олардың осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. 

Қазір оқып жатыр

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты