USD
USD
USD

ШҚО-да 20 жыл бұрын кісі өлтірген күдікті қолға түсті

Шығыс Қазақстан облысында жиырма жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 2004 жылдың 22 қаңтарында Өскемен қаласындағы үйлердің бірінен зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған еді. Тергеу барысында бұл қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті оқиға орнын өртеп жібергені анықталды.

Сол кезде қылмыстық іс қозғалғанымен, айғақтардың жойылуы мен қылмыскердің ізін суытуы тергеу барысын күрделендірді. Алайда қанша жыл өтсе де, полиция қызметкерлері бұл істі ұмытқан жоқ. Жедел уәкілдер материалдарды қайта қарап, деректерді талдап, қылмыстың толық көрінісін кезең-кезеңімен қалпына келтірді.

2025 жылдың ақпан айында қылмыстық іс қайта жанданып, жедел тергеу тобы кешенді іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің ізіне түсу мүмкін болды.

18 ақпанда сот шешімімен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасуда. Бұл – әділдік орнайтынын дәлелдейтін тағы бір айқын мысал.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком