USD
USD
USD

ШҚО-да 18 бен 25 жас аралығындағы қыздарды жұмысқа тартып, вебкам-студия ашқандар ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті облыс прокуратурасымен бірлесіп, интернет арқылы Қазақстан аумағында заңмен тыйым салынған бейнематериалдарды дайындап, таратқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Бұл топ «модельдік агенттік» деген атаумен еліміздің 10-нан астам қаласында, соның ішінде Өскеменде де вебкам-студиялар ашып, ашық трансляциялар жүргізіп отырған. Олар 18 бен 25 жас аралығындағы қыздарды жұмысқа тартып, айына 2 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады деп уәде берген.

Арнайы жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, ұйымдастырушылар 1 миллиард теңгеден астам кіріс тапқаны анықталды.

Тінту кезінде 120-дан астам компьютер, веб-камера, жарықтандыру құрылғылары және басқа да техникалар тәркіленді. Қазіргі таңда бұл іске қатысы бар 14 адам ұсталды. Олардың арасында осы бизнесті ұйымдастырған негізгі тұлғалар да бар.

Тергеу аяқталуға жақын.

Қазір оқып жатыр

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары

Әскери кемелер жасайтын «Зенит» зауыты сатылымға қойылды

Зенит

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымының жазасы қысқарды

Ким Гон Хи

«Ар-намысымды қорғаймын»: Перуашев өзіне қатысты айыптауларға жауап берді

Ақ жол