USD
USD
USD

ШҚО-да 11 елді мекенге сел қаупі төніп тұрғаны хабарланды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері тұрғындарды сел-сырғыма қаупі бар учаскелер орналасқан аймақтағы тауларға бармауға кеңес береді.

Сел
Фото: ШҚО ТЖД

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, Шығыс Қазақстандағы төрт ауданда – Зайсан ауданында, Риддер қаласында, Алтай ауданында және Катонқарағай ауданында орналасқан 13 өзен алабында сел қаупі бар. Сондай-ақ ауданда 144 мореналық көлде 11 елді мекенге қауіп төндіретін 13 селдің пайда болу ошағы бар екені айтылды.

«Қазселденқорғау» мамандары сел ұзақ уақыт жауған жауын-шашыннан кейін немесе қатты жер сілкінісінен кейін ғана пайда болуы мүмкін екенін ескертеді.

Сел қаупі туындайтын кезеңде қауіпсіздікі қамтамасыз ету үшін мамандар 15 мамырдан бастап сел қаупі бар маусымның ашылуына байланысты облыс бойынша маусымдық сипаттағы тоғыз су бекеті және Катонқарағай ауданының Сарымсақты өзенінде жыл бойғы су бекеті ашылатынын хабарлады.

«Күн сайын тәулігіне үш рет барлық су бекетінен сел қаупі бар учаскелердегі гидрометеорологиялық өзгерістер туралы ақпарат беріледі. Бүгінгі күні облыстың барлық сел қаупі учаскелерінде (Катонқарағай, Зайсан, Алтай аудандары, Риддер қаласының маңы) жерүсті визуалды тексеру жүргізілді», – делінген хабарламада.

Мамандар төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарласу керек екенін еске салды.

Қазір оқып жатыр

«Бір сәтке уақыт тоқтап қалды»: Алматы тауларында туристер қар барысына кез болды

Барыс

Санжар Әділов Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тарихи жүлде салды

Санжар Әділов

Тоқаев Путинге 9-шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауынан кейін жеделхат жолдады

Тоқаев, Путин

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

.