«Іш киімі бір-екі миллион теңге шығар» – Алагөзовтың бір күндік образы қанша тұрады?
Сән блогері Жансая Мақабаева белгілі продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсын Алгөзовтың бір қыдырысқа киген киімін талдап берді. Бренд пен сәннің сырын білетін маман танымал сусынның қожайыны Тұрсынның тұрысына қарап, үстіндегі киімдерінің бағасын тізбектеген.
Мәселен, оның қос қызын қоларбаға салып, қыдырыстап жүрген кезінде киінген атақты Prada брендінің күртешесі 1 млн 143 000 теңге болса, аяқ киімі 452 000 теңге ал жемпірі шамамен 797 000 теңге тұрады. Ал Louis Vuitton брендінің белгісі бедерленген джинсы шалбары 957 000 теңге болса, бұл брендтің мойынорағышы – 415 000 теңге.
Аксессуарлары да арзан тұрады деп айта алмаймыз. Кәсіпкердің прадалық көзілдірігі – 213 000 болса, білегіндегі Cartier білезігі 4 млн 598 000, оң қолындағы толық алтыннан жасалған Patek Philippe сағаты 100 млн 453 000 теңге тұрады екен. Қорыта айтқанда, тәтті сусын мен танымал сыра зауытының қожайыны тұрпатына 109 млн 028 000 теңгенің тауарын тұтынған.
Кәсіпкердің мұндай жағдайына біреу сүйсіне қараса, біреу осынша ақшаны қайдан табады дегенді айтып, таңырқаған. Ал кейбір қалжыңбас желі қолданушылары іш киімі жайлы сөз қозғап, «ол да кемінде бір екі миллион тұратын шығар» деп қағытқан.
«Біздің обший киім очкиына да жетпей қалады-ау», «Шарфын ұрлап алып, сатып жіберіп, бір жигули алып алсам ба екен» деп армандағандар да аз емес. Желідегі жұрттың арасында «Тұрсын моледец! Жұмысшыларын Түркияға демалуға жіберген ғой. Өз жұмысшыларына құрметпен қарайтын азамат» деп ақтап алғандар да табылды.
Айтпақшы, сән блогері бұған дейін Баянның да бір күндік образына баға берген болатын. Оның жоғарыда киіп тұрған әйгілі Elie Saab брендінің ақ қара түстес көйлегі 2 млн 500 теңге тұрса, осы брендтен ұстанған сумкасы 973 000, ал беліне қапсырған Loewa брендінің белдігі 187 000 теңге екен.
Әшекей бұйымдарсыз жүрмейтін продюсердің Van Cleef-тік екі орамды алқасы 20 млн 334 000, қолындағы BVLGARI Serpenti білезігінің құны – 22 млн 415 000 теңге, ал осы брендтің толықтай гауһар тастармен көмкерілген сырғасы 6 млн 778 000, сақинасы 15 млн 477 000 теңге шамасында.
Сағатын да арзан дей алмайсыз, оның қолындағы Cartier-нің қымбат тастармен бедерленген сағаты 18 млн 893 000 теңгеге татиды екен.
Қорыта айтқанда продюсердің тұрпатынан 89 млн 613 000 теңгенің тауарын көруге болады. Мұны көрген көпшілік «Сонда ол миллиондар қайдан келіп жатыр?» деп таңырқаса, тәубашыл әйелдердің бірі «Барлық қазақ қыздарына осындай байлық нәсіп етсін» деп тілеген.