3 Қыркүйек 13:24
...

Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысындағы жағдайдан кейін өз қатарын «сатқындардан» тазартпақшы

Ішкі істер министрлігі
Фото: Полиция
30 тамызда Жамбыл облысында полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталған болатын.

Алматы, NEGE. Сол кезде нақты қандай әрекет екені айтылмаған еді. 

«2025 жылғы 29 тамызда ол теріс әрекет жасады деген себеппен қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

8 тамызда Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Кейін Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстады деген күдіктінің ұсталып, істі Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жеке бақылауына алғаны белгілі болды.

10 тамызда Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасы бойынша облыс әкімінің орынбасары бастаған балаларды құлдықта ұстау ісінің мән-жайын зерттеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. 28 тамызда Жамбыл облысында балаларды құлдыққа тартуға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталған еді. 

Бұқаралық ақпарат құралдары облыстағы полиция қызметкерлерінің ұсталғаны туралы жазып жатыр. Олардың қатарында ҚДП басшысының орынбасары Жайдарбек Құттыбаев пен экстремизмге қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Оразалы Құдабаевтың есімдері бар.

«Мен «жаппай тұтқындалды» деген сөзді жоққа шығарар едім. Ондай болған жоқ. Бірақ, өкінішке орай, құқық бұзушылықтар болды. Полиция қызметкері халықты қорғауы керек. Міне, бізде сатқын бар. Бізде сатқындармен сөз қысқа. Аталған фактілердің болғаны рас. Осы заң бұзушылықтардың барлығы бойынша қылмыстық іс қозғаймыз. Сіздер білесіздер, мен қылмыстық іс бойынша әзірге түсініктеме бере алмаймын. Жамбыл облысы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Арамызда сатқындар болмауы керек», – деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.