USD
USD
USD

Ішкі істер министрлігі Нұрлан Нығматулиннің ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің үлкен ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады. Nege.aqsha телеграм каналының сұрағына Ішкі істер министрлігі «иә» деген қысқаша жауап қайтарды.

Нығматулиндер
Фото: коллаж

Алматы, NEGE. Бұл туралы бұған дейін ҚазТАГ агенттігі хабарлаған болатын. Сайттың хабарлауынша, іс Қылмыстық кодекстің 389-бабы (озбырлық) бойынша қозғалған.

2024 жылдың желтоқсанында кәсіпкер Қанат Әміркин Нұржан Нұрлановты жол жөндеу компаниясын тартып алып, үлкен сомада ақша талап етті деп айыптады. Кәсіпкердің айтуынша, Нығматулиндер отбасы оны Qazaq Banki-нен несие алуға мәжбүрлеген, ол көп ұзамай банкротқа ұшыраған. Нәтижесінде Әміркиннің бизнесі, мүлкі және автосалон үшін кепілге алынған жері жоғалып кеткен.

Қазақстан билігі Ниғматулиндер әулетіне қатысты риториканы күшейтуде. NEGE дереккөздері қыркүйек айында-ақ бұл отбасыға қарсы нақты шаралар қолданылуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Нұрлан мен Ерлан Нығматулиндердің үлкен ағасы Арғын Нығматулин Қарағанды ​​облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Ол елден кетіп қалды, оған іздеу жарияланды.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.