USD
USD
USD

Ішкі істер министрлігі DALA INSIDE үстінен қозғалған істі қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатты

Ішкі істер министрлігі әділ тергеу жүргізіп, DALA INSIDE үстінен қозғалған істі қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатты.

dalainside.kz
Фото: dalainside.kz

Алматы, NEGE. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева істі жеке бақылауында ұстап отырды. Астана қаласы Полиция департаменті өз инстаграм аккаунтында тиісті хабарлама берді.

«Астана қаласының Полиция департаментіне елорда тұрғыны «365info.kz» және «DALAINSIDE» интерфейстерінде жалған ақпарат тарату фактісі бойынша өтініш білдірді. Өтініш бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қылмыстық іс аясында тиісті сараптама тағайындалды. Істің барлық мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Барлық тараптардың дәлелдерін зерделеу қорытындысы бойынша іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды», - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич