USD
USD
USD

ШЫҰ саммиті кезінде жедел жәрдем, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді

2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді.

Жедел жәрдем
Фото: Астана әкімдігі

Астана, NEGE. Бұл күндері жедел медициналық жәрдем станциясы, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Қалалық стационарлар бұрынғыдай қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.

Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді: алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары таңғы 8:00-ден 20:00-ге дейін, активтер мен қоңырауларды қабылдау 8:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жедел медициналық жәрдем пациенттерге көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ете отырып, жұмысы 24/7 жүзеге асырылады.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай