Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шыңжанда соңғы 5 айда алғаш рет коронавирус жұқтырған науқас тіркелді

Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында бір адам коронавирус жұқтырды, тағы үш адамнан індеттің симптомсыз түрі табылды.

Шыңжанда соңғы 5 айда алғаш рет коронавирус жұқтырған науқас тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Науқас - автономиялық ауданның астанасы Үрімші қаласының Тянь-Шан ауданында тұратын 24 жастағы әйел. Ол 10 шілдеде коронавирус инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Сәрсенбіде оның COVID-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, Шыңжанда соңғы 145 күн бойы бір де бір адам коронавирус жұқтырмаған. Еске сала кетейік, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында COVID-19 инфекциясына шалдыққан алғашқы сырқат 23 қаңтарда тіркелген. Жалпы, аймақта 76 адамнан індет табылған.

Қазір оқып жатыр

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау