Шыңжаңда коронавирустың өршуінен пойыз қозғалысы тоқтады
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ШҰАӨ) шілде айының соңынан коронавирус індетінің өршуінен жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.
Алматы, NEGE. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдемесіне сәйкес, инфекцияның таралу қаупін азайту үшін Шыңжаңнан келетін жолаушылар пойыздарының қозғалысын тоқтату шешімі қабылданды. Осындай шара алыс маршруттарға қатынайтын жолаушылар автобустарына қатысты қабылданды, олар енді ШҰАӨ-ден Қытайдың басқа провинцияларына бара алмайды. Автономиялық өлкеден авиарейстер жолаушылар саны 75% аспаған жағдайда жүзеге асырылады.
Сәрсенбі, 5 қазан күні Үрімжі әуежайы күндізгі рейстердің 97% тоқтатты, бар болғаны 10 рейс жіберіліп-қабылданған. Жергілікті басылымның атап өтуінше, індетке қатысты Шыңжаңдағы жағдай күрделі болып отыр. Вирустың өршуі Қытайдың өзге 15 провинциясы мен мегаполистеріне, соның ішінде Бейжің мен Шанхайға да әсер етуде.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады