5 Наурыз 17:20
...

«Шыңырау» фильмі Халықаралық кинофествальге жолдама алды

Фото:
Режиссер Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» атты көркем фильмі әлемдік кинофестивальдердің алаңдарында өзінің салтанатты шеруін жалғастыруда. Көркем туынды Үндістанның 

Триссур қаласында өтетін Халықаралық кинофестиваль бағдарламасына іріктеуден өтті.

Алматы, NEGE.  Бұл кинематографиялық қауымдастық аясында өткізілетін ең көне Кералдың кинофестивальдерінің бірі. Фестивальдің тарихы 2004 жылы Триссур мен қала маңындағы киноны шынайы бағалаушылардың, сондай-ақ үкімет пен бизнес-қауымдастықтың қамқорлығының арқасында басталды.Айта кетсек, өткен фестивальдерде үндістандық көрермендер кинотуындының  драматургиясын және көркемдік ойын ерекше жоғары бағалаған.

Әбіш Кекілбаевтың повесі «Шыңыраудың» желісі бойынша түсірілген картина құдық қазушы Еңсептің оқиғасын баяндай отырып, менмендік, бақталастық, махаббат, достық, қастандықты суреттейді.

Айта кетейік , фильмнің түсірілімдері Маңғыстау облысында өтті. Картинада Қарақия ойысы, Үстірт шоқысы және Каспий теңізі көрініс табады. Фильмдегі басты рөлдерді Асылхан Төлепов, Алдабек Шалбаев және Айжан Жетіру сомдады. 

Туынды Бангладеште өткен 17-ші халықаралық фестивалінің азиялық фильмдер байқауына қатысып, «Үздік операторлық жұмыс» жүлдесін жеңіп алды.  Одан бөлек, «Шыңырау» фильмі жақында ғана, қарашаның 19-ы мен 23-і аралығында Қытайдың Сямэнь қаласында өткен 28-ші  «Алтын әтеш және Жүз гүл» атты Бүкілқытайлық фестивальдің конкурстық бағдарламасына қатысып, Мәскеуде Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақстан киносы күндерінің ашылу салтанатында көрсетілді.

Ал өткен аптада отандық кинотуынды Американың Аризона штатында өткен Asian International Film Festival Arizona кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысты.

Желтоқсан айының басында отандық кинотуынды Американың Аризона штатында өткен «Asian International Film Festival Arizona» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына және Үндістанның Тируванантапурам қаласында өткен Керала Халықаралық кинофестиваліне қатысқан.

Тегтер: