USD
USD
USD

«Nege»-нің тұрақты сарапшысы Шымкентке бірінші орынбасар болды

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. Шаһар басшысының өкімімен бұл қызметті Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан атқаратын болды.

«Nege»-нің тұрақты сарапшысы Шымкентке бірінші орынбасар болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шыңғыс Мұқан 1984 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі.

Ол Алматыдағы «Қайнар» университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын «Жас Алаш» газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы, «Жайық-пресс» ЖШС-інің бас директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, KazPetroDrilling АҚ-ның корпоративтік даму бойынша вице-президенті қызметтерін атқарған.

Соңғы жылдары «Мазмұндама» қоғамдық қорының төрағасы ретінде әлемдік бестселлер кітаптардың қазақ тіліне аударып, жарық көруіне еңбек сіңірді. 

Сондай-ақ, Шыңғыс Мұқан «Nege.kz» порталының тұрақты сарапшысы ретінде әртүрлі тақырыпқа пікірін ашық білдіріп жүрді. Билік жаңашыл ойлайтын жастардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп жатса, неге қуанбасқа?! Қай қызметті де абыройлы атқарған азамат бұл істі де дөңгелетіп алып кететіне сенім мол. 

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.