USD
USD
USD

Шын ақшаны қолдан жасалған банкноттардан қалай ажыратуға болады?

Ұлттық банк өткен жылы қолдан жасалған банкноттар саны екі есе көп болғанын хабарлады.

Зейнетақы, ақша, есеп
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Банк мәліметінше, 2025 жылы жалпы сомасы 1 122 150 теңге болатын 206 жалған ақша белгісі анықталған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 90,7%-ға көп.

«Қолдан көп жасалғаны – номиналы 5 мың теңгелік банкнота (174 дана). Анықталған жалған ақшалардың жалпы саны бойынша үлесі – 84,5%. Одан кейінгі орында номиналы 10 мың теңгелік банкнота тұр – 22 дана (10,7%). 2 мың теңгелік банкнотадан 6 дана (2,9%) анықталса, 20 мың теңгеліктен – 1 дана (0,5%), қалған 1,4% – монеталар», – делінген банк хабарламасында.

Ұлттық банк өкілдері шынайы банкноттарды көзбен шолып қарағанда және ұстап көргенде оңай анықтауға болатын бірқатар қорғаныш белгісі бар екенін айтады.

Сонымен шын ақшаны қолдан жасалған банкноттарды қалай ажыратуға болады?

  • Жалған банкнот әдетте жай ғана офсеттік қағаздан жасалады және компьютерлік техника мен түрлі түсті принтер қолданылады. 
  • Майда жазулар бұлдыр келеді және бірнеше есе үлкейткенде тану мүмкін емес.
  • Қолдан жасалған банкнотта сутамғы белгісі болмайды.
  • Патч элементінің пішіні анық емес, себебі ол жай ғана бояумен кескінделеді, сәуле таралғанда голографиялық әсері сезілмейді және номинал бейнесі ою-өрнекке ауыспайды. 
  • Қорғаныш жібінің динамикалық әрі түс ауыстыратын әсері жоқ, жарыққа тосып қарағанда біртұтас болып көрінбейді.

Ұлттық банк ел тұрғындарын қолма-қол ақшаны пайдаланғанда мұқият болуға шақырады.

Қазір оқып жатыр

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

Есірткі қылмысы

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

қыз

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай