USD
USD
USD

Шымкенттің кіре беріс қақпасы ретке келтірілді

Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері қала еріктілерімен бірге Шымкенттің кіре беріс қақпасына сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Шымкенттің кіре беріс қақпасы ретке келтірілді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қаламыздың символдарының біріне айналған «Кілттің» айналасындағы шөп орылып, қураған бұталар қырқылды. Аумақта сыпыру, қоқыс шығару жұмыстары атқарылды.

Сондай-ақ, аяқжолды жауып қалған тастар арнайы техника көмегімен қауіпсіз жерге сүрілді.

Қала қонақтары еркін жүріп серуендеуі үшін аяқжолдар жуылып, орындықтар орнатылды.

Аталған тазалық жұмыстарын жүргізуге Әл-Фараби ауданының 30 қызметкері, Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің еріктілері, «Build stroi» ЖШС-ы, «Назар» ЖШС-ы, «Айдынбек» ЖШС-ы атсалысты. Сенбілікке 160-тан аса жұмысшы, 16 арнайы техника жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек