USD
USD
USD

Шымкенттің кей аймақтарын су басуы мүмкін: биылғы қар қалың

Қалың жауған қардан кейін Шымкенттің кей аймақтарын су басуы мүмкін. Қала әкімі Мұрат Әйтенов су басу қаупі бар аумақтарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкенттің кей аймақтарын су басуы мүмкін: биылғы қар қалың
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бадам» су қоймасында қазір тасқынның алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл қалада қардың жылдағыдан қалың жауғанына байланысты қойма толып, тасқын қаупі туындаған жағдайда, шлюздерді реттеу арқылы суды Бадам өзеніне жіберу жоспарланып отыр.

Ал, сыйымдылығы 4,6 млн текше метрлік «Тоғыс» қоймасында су жинау бүгінде автоматты түрде жүргізіледі. 265 шақырымдық тоған аумағында қазір су басу қаупінің алдын алуға бағытталған шаралар жан-жақты атқарылып жатыр.

«Ақсай қарабастау» каналы да қаладағы су тасқыны қаупі жоғары аумақ саналады. Қазір ұзындығы 10,5 шақырым каналды қардан, мұздан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады.

Қаланың қауіпті аймақтарындағы су тасқынына қарсы жұмыстарды пысықтаған қала басшысы жауаптыларға мердігер мекемелердің дайындығын қадағалауды қатаң тапсырды.

«Су тасқынының алдын алуда аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшылары бірлесе, жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін ең алдымен, ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс. Техникалардың дайындығын қадағалау, тиісті шараларды шұғыл жүзеге асыру – басты назарда болуы керек», - деді қала әкімі.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси