USD
USD
USD

Шымкенттің бес жылдық даму жоспары жаңа форматта әзірленді

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған дамыту бағдарламасы жаңа форматта әзірленді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов мәлім етті.

Шымкенттің бес жылдық даму жоспары жаңа форматта әзірленді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Оның айтуынша, аталған құжат елдің жоғары тұрған Стратегиялық құжаттарда айқындалған басымдықтарды өңірлерде іске асыру мақсатында әзірленеді.

«Бағдарлама жобасын әзірлеу барысында қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіліп, қаладағы негізгі проблемалар мен даму бағыттары анықталды. Тұрғындардың көпшілігі қаланың инженерлік-көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, қаланы абаттандыру, тұрғын үймен қамту және экологиялық жай-күйін жақсартудың қажеттігін атап өтті. Бұл ұсыныстар бағдарлама жобасына енгізілді»,-деді басқарма басшысы.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 5 жылдық кезеңге арналған қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу мен қаланың бюджетіне түсетін түсімдерді болжау жасалады.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы