USD
USD
USD

Шымкенттің алты ауданында жарты жыл бойы ыстық су болмайды

Шымкентте қазандықтың тозығы жеткендіктен, 200-ден астам көпқабатты үй ыстық судан ажыратылды. Тұрғындарға су жылытқыштарын алдын ала сатып алу ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкенттің алты ауданында жарты жыл бойы ыстық су болмайды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы «Отырар» басылымының журналисіне ыстық сумен қамтамасыз ету экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін айтты.

Сондықтан тұрғындар жылыту маусымының басталуын күтуге мәжбүр.

«Қаланың ЖЭО-дан қуат алатын ескі бөлігінде ыстық суды қосу экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Оның шығыны шаш етектен»,- деді Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити