USD
USD
USD

Шымкенттік тұрғын прокуратура ғимаратында өзін-өзі өртеп жібермек болды (видео)

Шымкент қаласының прокуратурасында өзін-өзі өртеп жіберуге әрекеттену фактісі анықталды, деп жазады OTYRAR.

Шымкенттік тұрғын прокуратура ғимаратында өзін-өзі өртеп жібермек болды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "OTYRAR редакциясына бейнежазба жіберілген. Бейнежазбада қалалық прокуратура ғимаратында бірнеше ер мен әйелдің жанжалдасып жатқанын көруге болады. Одан кейін кадр үзіліп кетеді де, келесі видеода жанып жатқан киімдердің әр жерде шашылып жатқанын байқаймыз. 

Прокуратурадан жартылай киінген ер адам шығарылады, оның жанында бірнеше әйел айқайлап жүр. Видео авторларының сөзіне қарағанда, прокуратура ғимаратында ер адам өз-өзін өртемек болған", - делінген редакция таратқан ақпаратта. 

Басылымның хабарлауынша, телефон арқылы сөйлескен жәбірленуші тараптың адвокаты адамдарды мұндай қадамға баруға олардың бір жарым жыл бойы алаяқтық ісі бойынша әділдікке жете алмағаны түрткі болғанын айтқан.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп