USD
USD
USD

Шымкенттік тұрғын қайтарымсыз грант алып, кондитерлік цех ашты

Шымкент қаласының тұрғыны Жасмин Абдраимова мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, берілгін қаражатқа кондитер цехын ашты. Қала тұрғыны Жасмин ханым өткен жылы Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, 21 күндік «Бизнес бастау» кәсіптік оқытуға жолдама алған.

Шымкенттік тұрғын қайтарымсыз грант алып, кондитерлік цех ашты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Кәсіптік сертификатын алып, мемлекеттік грантқа қатысу үшін «Кондитер өнімдері» ісі бойынша бизнес жоспарын ұсынды. Бұл жобаны комиссия мүшелерінің алдында сәтті қорғап шыққан болатын.

Нәтижесінде 200 АЕК(555 650) көлеміндегі грантқа қол жеткізіп, қаражатқа цехқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Бүгінде бәліш, төрт түрлі кодитерлік тәтті тағамдарға тапсырыс қабылдап, отбасылық кішігірім ісін дөңгелетіп отыр.

Айта кетсек, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екі бағыты аясында 2020 жылы 4828 адам грантқа қол жеткізсе, биылғы жылы 600 адамға грант берілді. Ал, «Бизнес бастау» курсына биылдың өзінде 1900 адам жолданған.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек